Пятница, 17.05.2024, 10:58

Каталог статей

Главная » Статьи » Язык статьи » Статьи на казахском языке

Оқу мекемесінің жалпы мінездемесі


№ 6 кәсіптік лицей 1936 жылы құрылған. Толық атауы - «№ 6 кәсіптік лицей» мемлекттік комуналдық қазынашылық кәсіпорыны. Мекен жайы: 160012 ҚР, Шымкент қ., Н.Төрекулов көшесі 1, телефон 21-27-38, 21-27-40. Оқыту қызметін жүргізуге құқылы мемлекеттік лицензиясына сәйкес «№ 6 кәсіптік лицей» білім беру қызметін атқаруда. Мемлекеттік тіркеу туралы куәлік, статистикалық карточка, ҚР салық төлеу туралы куәлік, жарғы, іс номенклатурасы, басқару құрамының қызметтік міндеттері, ОҚО СЭС және мемлекеттік өрт сөндіру қызметінің анықтамасы бар. Жыл сайын мемлекеттік тапсырыс бойынша кәсіптік лицей 200-ден 220-ға дейін оқушы қабылдайды. Кәсіптік лицейдің басқару алқа органы Педагогикалық Кеңесі болып табылады, оның жұмысы ҚР БҒМ 25.04.2000ж № 392 бұйрығымен бекітілген, алғашқы кәсіптік білім беру оқу орындарында педагогикалық кеңесінің қызметін жүргізу ережесіне сәйкес ұйымдастырылған. Қазіргі кезде Педагогикалық Кеңес құрамына 70 адам кіреді.

Педагогикалық Кеңес жұмыс жоспарына сәйкес жыл сайын директордың оқу жұмыстары жөніндегі орынбасарының емтихан корытындысы бойынша есебі, қабылдау комиссиясының жұмысы туралы есеп, келешек және жылдық жоспарын қарастыру және жұмыстың негізгі бағыттары бойынша есеп, әдістемелік сипаттағы мәселелер және лицейішілік бақылау есебі кіреді. Хаттамалар мемлекеттік тілде жүргізіледі. «Тілді қолдану және дамытудың салалы бағдарламасын» орындау үшін лицейде іс-шаралар жоспары бекітілген. Ұгіттеу көрнекіліктері мемлекеттік және орыс тілінде безендіріледі. Әдістемелік кабитетте оқу-әдістемелік материалдар жиналған. Алғашқы кәсіби және орта білім берудің мемлекеттік стандартына сәйкес типтік және оқу жұмыс жоспарлары өзгерістер мен толықтырулармен жасалған. Оқу процессімен оқу-тәрбие процессін қадағалау кестесі бар. Контингенті 625 оқушы құрайтын лицейде сабақ бір аусымда өтеді. Кәсіптік лицейде барлығы 15 оқу кабинеті бар: оның ішінде кәсіптік цикл бойынша 5 оқу кабинеттер, жалпы білім пәндері бойынша-9, компьютерлік кабинет-1, кітапхана-1, 1 зертхана және 1 оқу-өндірістік кабинет. Арнайы пәндер: химия, физика, информатика кабинеттерде кауіпсіздік техникасы мен еңбекті қорғау бұрыштары бар. Барлық оқу кабинеттері талаптарға сай безендірілген: ҚР рәміздерінің тақталары, топ бұрыштары, еңбекті қорғау және ҚТ, ТЖ тақырыптық тақталар. Кабинеттерді безендіруде эстетикалық талаптарға көп көңіл бөлінеді. Спорттық залы 8 жылдан бері апатты жағдайда. Лицейдің сауықтыру пункті бірінші көмек көрсетуге арналған тиісті құралдармен жабдықталған. Ауыруды алдын алу шаралары ұымдастырылады: оқушылардың вакцинациясын откізеді, денсаулық ахуалын бақылайды, есепке алынған науқастарды анықтайды, лекциялардың өткізуін ұыймдастырады, оқу кабинеттердің, асхананың санитарлық-гигиеналық жағдайын бақылауға алады. Лицейде бір мезгілді ыстық тамақтану ұйымдастырылған. 50 орындық асхана тиісті құралдармен, қосымша бөлмелермен жабдықталған. Кәсіптік лицейде 80 орындықтан құралған мәжіліс залы оқушылардың мәдени, эстетикалық, рухани тәрбиесінің орталығы болып табылады. Мәжіліс залында үйірмелер жұмыс жасайды: хор, вокал, ұлттық және қазіргі заман билері. Лицейдің оқу-әдістемелік жұмыстары 07.06.99 ж. № 389 ҚР «Білім туралы», «ҚР тілдер туралы» Заңдарымен, ҚР Білім және ғылым министірлігінің бұйрықтары мен нұсқаулық хаттарына сәйкес жасалады. Оқыту қызметі мемлекеттік білім стандарттары негізінде мынадай мамандықтар бойынша жүзеге асады: • 4211001- «Нан өнімдерін өндіруші» • 0821001- «Тамақтану мекемесінің маманы» Аталған мамандықтар бойынша типтік оқу жоспарлары және типтік бағдарламалар талданған. Оқу сабақтарының кестесі жартыжылдық бойынша жасалып толық көлемінде орындалады. Оқу сабақтары себепті жағдайлар бойынша ауыстырып тиісті журналда көрсетіледі. Апталық жүктеме 36 сағат+4 факультативтік сабақтардан құралады. Оқушылар мен шеберлерінің арасындағы оқу жүктемесін бөлу базалық оқыту және тиісті біліктілікке сай жасалады. Лицейдің оқу-әдістемелік жұмысы бірыңғай жұмыс жоспарына сәйкес ұйымдастырылған. Жалпы әкімшілік-басқару ұжымының саны штаттық кестеге сәйкес-9 адам. Барлық ӘБҰ қызметкерлерінің жоғары базалық білімі бар. Басқару жүйесін жетілдіру бағытында сапалы мамандарды дайындау бойынша кәсіптік лицейдің құрылымдық басқаруы мен әкімшілік бақару қызметкерлердің фукционалды міндеттерді нәтижелі және тиімді бөлудің арқасында жүзеге асады. Қызметтік міндеттер ҚР Білім және ғылым министрлігінің 18.07.2003ж бұйрығына сәкес талданған. 
Бақылаудың түрлі шаралар жүйесі төмендегілерге:
 • кәсіптік лицейдің ескерту жолдары арқылы әр-жақты жетілдіруіне; 
• кемшіліктерді анықтауға және түзеуге; 
• әр саланың жұмысы мен оқу-тәрбие үрдісін жақсартуын іздестіруге; 
• алдынғы қатарлы тәжірибені насихаттауға және түсүндіруге; 
• оқытушылар, қызметкерлердің және оқушыларды қызметінің нәтижесін күшейтуге және тәртіпті нығайтуға бағытталған.

Категория: Статьи на казахском языке | Добавил: [)EM()N (03.09.2010)
Просмотров: 2783 | Комментарии: 1 | Теги: Оқу мекемесінің жалпы мінездемесі | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *:
Block title
Block contentfffffff
Форма входа
Выбрать язык сайта
Выбрать язык / Choose language:
Ukranian
English
French
German
Japanese
Italian
Portuguese
Spanish
Danish
Chinese
Korean
Arabic
Czech
Estonian
Belarusian
Latvian
Greek
Finnish
Serbian
Bulgarian
Turkish
Категории раздела
Статьи на русском языке [7]
Статьи на казахском языке [4]
Погода в шымкенте
Наш опрос
На каком курсе вы учитесь

Архив
Результаты
Всего голосовало:
13
Статистика
Пользователи :
Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Онлайн :
Онлайн :
Поиск